«Психотерапия негіздері» пәнінен «Топтық және жеке психотерапияның негізгі әдістері» тақырыбындағы ашық дәріс

31 қазан күні 12.10-да Педагогика факультетіндегі «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлық шеңберінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Б.Н.Тулегенова ашық дәріс сабақ өткізді. «Психотерапия негіздері» пәнінен өткізілген дәріс сабақтың тақырыбы «Топтық және жеке психотерапияның негізгі әдістері». Дәріс мақсаты айтылғаннан кейін, миға шабуыл әдісі арқылы, өткен дәрістерге шолу жасалды. Дәрісте  топтық және жеке психотерапияның теориялық негіздері және әдістері жөнінде мәліметтер берілді. Психотерапияның негізгі әсер ету әдістері туралы ақпарат қамтылды. Студенттер  психотерапияның  өткізу бағыттарын, ережелерін, жүргізілу формасын үйренді. Осыған байланысты студенттер топтық жұмыс жасап, берілген тақырыптан постер қорғады. Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Адам-өз өмірінің суретшісі» тренингі өткізіліп, студенттер өз ойларымен бөлісті. Студенттермен «Шеринг» әдісі арқылы әсерлі кері байланыс жасалды.

Оқытушы, магистр Бибигуль Нурлыбековна дәріс сабақты интерактивті әдістермен өткізді. Дәріс мақсатына жетіп, студенттерге және қатысқан әріптестерге бұл дәрістің мазмұны пайдалы болып, терапия түрлерін өмірде де қолданады деп есептейміз. Әріптестерімізге әдістемелік айлықта сәттілік тілейміз.