Халықаралық кеңістікке интеграция білім алушылардың академиялық ұтқырлығының өсуін көздейді, бұл ішкі және сыртқы еңбек нарығында сұранысқа ие маманның тұлғасын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. 6 қараша куні 11.20-да Педагогика факультетінде «Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасында «Академиялық ұтқырлық – заман талабы» кездесу кеші өтті. Кездесуге «Халықаралық қатынастар және көптілділік» бөлімінің жетекшісі В.С.Зубков, 2021-2022 оқу жылында академиялық ұтқыр студент СПС-41 тобынан Шандаев Тимурхан және «Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагогика» БББ-ның 2 және 3 курс студенттері қатысты.
«Халықаралық қатынастар және көптілділік» бөлімінің жетекшісі М.Өтемісов атындағы БҚУ-де Болон процесінің параметрлерін тиімді енгізуді жүзеге асыру бойынша практикалық қадамдар жасалып жатқандығы: жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі енгізілді; модульдік білім беру бағдарламалары іске асырылуда; ЖОО-лардың желілік консорциумдары құрылды; академиялық ұтқырлық; әріптес ЖОО-лар арасында академиялық алмасулар жүзеге асырылуда екенін сөз етті.
М. Өтемісов атындағы БҚУ-де академиялық ұтқырлық нысандары өте алуан түрлі:
- студенттердің академиялық алмасуы енгізілген және және модульдік оқыту;
- семестрлік оқыту;
- бірлескен қос дипломды бағдарламалар;
- оқу (зерттеу, өндірістік) практикасынан өту;
- тағылымдамадан өту;
- серіктес жоғары оқу орындарындағы жазғы семестрлер.
Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін серіктес жоғары оқу орындарымен екіжақты келісімдер де, жоғары оқу орындарының консорциумдарына, халықаралық қорлардың айырбастау бағдарламаларына (Erasmus Mundus, DAAD, Tempus, IASTE және т. б.) қатысу пайдаланылатындығымен таныстырылды.
СПС-41 тобының академиялық ұтқыр студенті Шандаев Тимурхан 2021-2022 оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткізген алтыншы семестрі туралы таныстырып өтті. Өзінің академиялық ұтқырлығы барысында қандай дос тапқанын, қандай оқу ерекшелігі болғанынын және қызықты студенттік шағы туралы фото және видео роликтермен дәлелді сөз сөйледі.
«Педагогика және психология» білім бағдарламасының академиялық ұтқырлық бойынша кординаторы, аға оқытушы, магистр Исмагулова Ж.С. студенттермен кері байланыс жасады. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларды академиялық ұтқыр болуға шақырды.
Кездесу кешінде студенттерге академиялық ұтқырлықты жоғары мектептегі оқу үрдісін қызықты, әрі мәнді ұйымдастырудың жолы екендігі жөнінде дәлелді ақпарат берілді. Қазіргі кундегі академиялық ұтқырлықтың жаңа мүмкіндіктері жөнінде ақпарат қамтылды. Әсіресе университетіміз беріп отырған шет елдердің жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері студенттерді қатты қызықтырды. Студенттер академиялық ұтқырлыққа қалай дайындалу мен академиялық ұтқыр болу керектігін білді.
«Педагогика және психология» білім бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық кординаторы, аға оқытушы, магистр Исмагулова Ж.С.