Жоғары мектепте оқыту әдістемесі: жаңа трендтер

Педагогика факультетінде 17 ақпанда "Жоғары мектепте оқыту әдістемесі: жаңа трендтер" әдістемелік апталығы басталды. Апталық мақсаты- оқытушылардың кәсіби шеберлігін дамыту және тәжірибие алмасу, жоғары мектептің оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін жас оқытушыларға үйрету. Апталықтың салтанатты ашылуы әдістемелік мозаика түрінде өтті. Онда факультет деканы ГабдрахмановаШ.Т., п.ғ.к., доцентИспулова Р.Н.,доцент Исмагулов К.И., оқытушы Байенов Б.Ш., аға оқытушы Демченко Л.В., магистр, аға оқытушылар Молдагалиев А.М., Хайрашев А.М., Калаханова С.Б. шеберлік сыныптарын өткізіп, практикаға бағытталған сабақтардан үзінділер көрсетті. Деканның орынбасары, магистр Муканова Н.Е. "Педагогика факультеті оқытушыларының кәсіби даму сұраныстары мен мүмкіндіктері" тақырыбында зерттеу нәтижелерімен таныстырып, ұсыныстары талқыланды.Апталықтың салтанатты ашылуына Академиялық қызмет департаментінен Кажиахметов С.А., Каримуллина Р.К. қатысты. Әдістемелік апталықта біліктілікті арттыру курсы, оқу-әдістемелік жұмыс түрлері мен жас мамандарға арналған инновациялық жобалар конкурстары ұйымдастырылады.


Печать