«Жұбаны жайықтың, Жұбаны халықтың» онлайн танымдық кеш

29.10.2020 ж.  педагогика және психология кафедрасының «Педагогика және психология»,  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Жұбаны жайықтың, Жұбаны халықтың» тақырыбында онлайн танымдық кеш өткізілді. Кеш педагогика факультетінің деканы Г.А. Ергалиеваның сәлемдесу сөзімен басталды. Танымдық кеш барысында ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы ақпараттар берілді. Жұбан Молдағалиев туралы видеоролик көрсетілді. Студенттер ақынның «Мен Қазақпын» поэмасынан үзінді оқып берді.  Шара соңында тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Ж.Т. Тапаева студенттерді ақын Ж. Молдағалиев сияқты елдің дамуына үлес қосуға, ҚР-ның патриот азаматы мен азаматшасы болуға   шақырды.

 


Печать