1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған «XXI ғасыр таланттары» атты кураторлық сағат

27 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары, ПиП-21, ПиП-23, ПиП/у-25, СПС-31 топтарына 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған «XXI ғасыр  таланттары» атты интеллектуалдық ойын түрінде кураторлық сағат өткізілді.     

            Кураторлық сағат топ кураторы Калаханова Светлана Бактыбаевнаның құттықтауымен басталды. Кураторлық сағат мақсаты айтылды және Педагогика және психология мамандығының 2 курс  магистранты Тасмуханова Бибигуль Тимуровна 1 желтоқсан Н.Ә.Назарбаевтың Президент күніне байланысты видеоролигі көрсетілді. Кураторлық сағат барысында ПиП-21, ПиП-23, ПиП/у-25, СПС-31 студенттері  2 топқа бөлініп, топтың атын, топтың ұранын ақылдасып, топ басшысын сайлау ұсынылды. Студенттер өзара ақылдасып, 1 топ «Жастар» тобы, топ басшысы Әріпқожаева Арайлым, 2- топ Нұр Отан тобы, топ басшысы Зейнуллин Ақтілек болып сайланды. Ойынымызға әділ бағасын беретін, әділқазы алқаларымен таныстырылды. Әділқазылар: Психология мамандығының 2 курс магистранты Ермагамбетова Диана Елемесовна, Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранттары Тасмуханова Бибигуль Тимуровна, Нұрбекқызы Гаухар. Интеллектуалдық ойынымыз 3 кезеңнен, І кезең «Қас қағым сәтте», ІІ кезең «Білгенге маржан», ІІІ кезең «Президентпен тілдесу», (Топ басшылар сайысы) тұрды.

            І – кезең “Қас – қағым сәтте” деп аталды. Бұл сайыста әр топқа 10 сұрақтан қойылды. Әр сұрақ 5  ұпаймен есептелді. Бірінші кезең бойынша әділқазылар алқасының ұпайы бойынша, «Жастар» тобы 30 ұпай, «Нұр Отан» тобы 32 ұпай жинады.    

            II – кезең «Білгенге маржан», ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынды, 12 ұяшықта «жанды сұрақтар» , «бейнелі сұрақтар» , «музыкалық сұрақтар» қойылды. Жалпы екі кезең бойынша әділқазылар алқасының ұпайы, «Жастар» тобы  127 ұпай, «Нұр Отан» тобы  170 ұпай жинады.  

            ІІІ кезең «Президентпен тілдесу» Топ басшылар сайысы. Топ басшылар Елбасымыздың туған күніне тілек айтты. Осы сайыста шешендік өнерлері 20 ұпаймен бағаланды. Үшінші кезең бойынша әділқазылар алқасы «Жастар» тобы  20 ұпай, «Нұр Отан» тобы  10 ұпай берді. Қорытынды сөз әділқазы алқасы Тасмуханова Бибигуль үш кезеңнің қорытынды ұпайын шығарды. Үш кезеңнің қорытынды бойынша Жастар тобы 147 ұпай, «Нұр Отан» тобы 180 ұпаймен жеңіске жетті. Нұр Отан тобы «XXI ғасыр таланттары» атты интеллектуалдық ойынымыздың жеңімпаздары атанды. Кураторлық сағаттың соңында студенттер жеңіске жеткен топты құттықтап, топ кураторы С.Б.Калахановаға және магистранттар Т.А.Талапқали, Б.Т.Тасмухановаға ұйымдастырған интеллектуалдық ойынға алғыстарын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

 121212.png - 821.59 kB

1111112.jpg - 79.35 kB

13131313.jpg - 84.10 kB

141414.png - 235.97 kB

 

151515.jpg - 170.48 kB

161616161.jpg - 193.72 kB

 

 

 

 


Печать