2023 жылдың 23 ақпанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Қазіргі психологиядағы ғылым мен тәжірибенің даму тенденциялары мен перспективалары» атты облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері, облыстық және қалалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Семинар мақсаты: қазіргі психологиядағы ғылым мен тәжірибенің жаңа даму тенденциялары мен перспективаларын талқылау және тәжірибе алмасу негізінде педагог-психологтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені тарату.
Семинарды п.ғ.к., доцент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Педагогика факультетінің деканы Гүлжан Алгазиевна Ергалиева алғы сөз сөйлеп ашты.
Семинар шеңберінде баяндамалар жасалып, шеберлік-сыныптар жүргізілді. Қазіргі психология саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасу болды. Баяндамалар мен талқылаулар барысында теория мен тәжірибенің сабақтасу жүзеге асырылып, семинар қатысушылары психологиялық қызметтегі инновациялық іс-тәжірибемен танысты.
Семинарда баяндамашылар сөз алды:
- Абдираимова Эльмира Каирлиевна - М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі - «Заманауи психология: даму тенденциялары мен перспективалары»
- Муканова Нұржанат Ергенова – М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы - «Педагог-психолог жұмысында Apper мобильді қосымшасын қолдану тиімділігі»
- Калаханова Светлана Бактыбаевна - М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика және психология магистрі, аға оқытушы - «Түстер психологиясы: теориясы және тәжірибесі»
Келесі тақырыптарда шеберлік-сыныптар жүргізілді:
- Артигалиева Айсауле Турешевна – БҚО әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Зеленов жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-психолог, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-модератор - «Көшбасшылық және тұлға»
- Сариева Бану Жауынбаевна - «БҚО әкімдігі Орал қаласының білім беру бөлімінің Оқушылар сарайы» МКҚК, педагог-психолог - «Қазіргі замандағы білім беру ұйымдарындағы психологияның даму жолдары»
- Луня Анна Васильевна - Орал қаласы білім беру бөлімінің «Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы» КММ, педагог-психолог, педагог-сарапшы - «Структура построения и проведения психологического тренинга»
- Токсанова Гулмира Мурзатаевна – Орал қаласы білім беру бөлімінің «Д.Қонаева атындағы №44 мектеп-гимназиясы» КММ, педагог-психолог, педагог-модератор - «Арт-терапия - шығармашылық терапиясы»
- Тәжен Сандуғаш Сергейқызы - «Орал қаласы білім беру бөлімінің 41 мектеп-лицейі» КММ, педагог-психолог, педагог-сарапшы - «Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары»
- Хангужина Назира Жумагелдиевна - БҚО әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» КММ, педагог-психолог, педагог-сарапшы - «Баланың эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары»
- Абельманова Гульжайна Адильхановна - БҚО әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі «Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-психолог, педагог-зерттеуші - «Педагогтардың эмоционалды «жану» синдромының алдын алу»
Семинар соңында пікір алмасу мен талқылау жүргізіліп, қорытынды жасалды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинар шеңберінде болған практикалық тәжірибе алмасу, психология саласындағы көкейкесті мәселелерді белсенді және мүдделі талқылау облысымыздағы психологиялық қызмет жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді деп үміттенеміз.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/16-pedagogika-i-psikhologiya/576-oblysty-seminar-azirgi-psikhologiyada-y-ylym-men-t-zhiribeni-damu-tendentsiyalary-men-perspektivalary#sigFreeId3026c3d470