Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы

18 қараша күні  педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Ж.Ж.Нәбиева,Б.Ерболат, Г.С.Мухиеева ПиМНО 21, ДОВ 21, ДОВ 31 топтарына қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арнап «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» тақырыбында онлаин танымдық кеш ұйымдастырды.

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Шара барысында қайсар батырымыздың өмірі мен шығармашылығы жөнінде  баяндама оқылып, өнегеге толы нақыл сөздері айтылып, талданды. «Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттердің өліп кеткенін өз көзіммен көрдім» деген сол майданда өз өмірлерін қиған деп тілге тиек еткен батырымыздың өз дауысымен айтқан жазбасы тыңдалды.Сонымен қатар, студенттер Бауыржан атамыздың батыр бейнесін жырлаған өлең шумақтардан мәнерлеп оқыды.Шара соңында сұрақтар қойылып, әсерлі әнмен аяқталды.Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді!

Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.

Ж.Ж.Нәбиева аға куратор

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

14556.png - 1.10 MB

7777777.jpg - 80.61 kB

99999999.jpg - 65.22 kB

 

 


Печать