Шараның мақсаты: студенттерге күйші,композитор Құрманғазының күйлерін қалдырған еңбектерін тереңдете түсу, кеңінен насихаттау. Кешті жүргізушілер: дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Көшкінбаева Әмина, пимно 13 тобының студенті Қосаев Турғанбек. Шарамызға педагогика, филология факультетінің 1,2,3- курс студенттері, «Кітапхана ісі» мамандығының 4-курс студенттері, тоа жетекшісі Мухиева Гүлмира Сейтмуханбетова қатысты.
Шараның алғы сөзін деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тапаева Жанерке Таулбаевна,оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің меңгерушісі Габдулиева А.О., көркем әдебиеттер абонементінің кітапханашысы Исмагулова М.Г. жаратылыстану бөлімі оқу залының кітапханашысы Мұхтарова В.С. осы шараның сәтті өтуіне тілек білдірді.
Кеш барысында пимно -13 тобының студенттері: Куралбаева Бақытгүл, Сагидуллина Көркем,Галимжанова Ақтоты,Макарова Әсем “Сайра шешен” домбыра атты өлеңін оқыды. Амреева Камила халық композиторына арнап күйші Құрманғазы атты бейнеролигін ұсынды. ”Күйші өлсе де, күй өлмес” атты көрініс көрсетілді.
Филология факультетінің 1курс студенті Парухов Жұмасұлтан “Балбырауын”,педагогика факультетінің студенті Қожахмет Мирас “Адай” күйін тартты. Аяпбергенова Алтынгүл “Қазақ осы”, Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Утепов Мұқағали “Ескі ауыл” әндерін шырқады. «Кітапхана ісі» мамандығының 4- курс студенті Татаханова Гаухар “Күй құдыреті” атты библографиялық шолу жасады.Көркем еңбек және мектептегі дизайн білім беру бағдарламасының 3курс студенттері Омарова Әлия,Дүйсенбай Сайран “Күйші портреті”, “Күй атасы – Құрманғазы” атты акварельмен және графикамен салған суреттерін оқырман назарына ұсынды. Кітапханашы Айташова Г.Ш. Құрманғазының музыка саласына қосқан үлесі,қалдырған еңбектері жайлы айтып, қорытындылады.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/17-kafedra-doshkolnogo-i-nachalnogo-obrazovaniya/547-a-pan-ajyny-2-k-ni-universitetimizdi-ylymi-kitapkhanasynda-ly-k-jshi-daryndy-kompozitor-rman-azy-sa-yrbaj-lyny-shy-armashyly-yna-arnal-an-k-j-atasy-rman-azy-atty-is-shara-bolyp-tti#sigFreeId1993fe9f2f