М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогика факультетінде «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында 21 ақпан күні сағат 15:00-де мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Г.Е.Тлепбергенова, А.Д.Муканова, Т.Т.Мақсотова «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Өмір үшін өмірдің мәнін жоғалту мүмкін емес» атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Студенттердің өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу және қарым-қатынастарын нығайту. Жақсы қасиеттерді бойларына дарыту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. Студенттер тренингке жақсы көңіл күймен қатысып, керемет әсер алды.