ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін университетімізде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагог-ғалым Сарсенбаева Ботакоз Иватқызының 75 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Көзі тірі болғанда профессор биыл 75 жасқа толар еді. Кездесу барысында ғалым туралы естеліктер айтылып, оның университетке сіңірген еңбегі атап өтілді. Ол бүкіл ғұмырын білім және ғылым саласына арнады. Оқу орнында оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 90-нан астам кітап пен ғылыми еңбектің авторы.

Бұл жиынға ғалымның сіңілісі Светлана Иватқызы, ардагер-ұстаздар, әріптес жолдастары және кафедра оқытушылары мен шәкірттері қатысты. Олар ғалым ұстаздың өнегелі өмір жолынан сыр шертті. Ботакоз Иватқызының ғылымға білімге деген құштарлығы, интеллектуалдық деңгейі, адамгершілік қасиеттері, логикалық ойлау қабілеті өте жоғары болғаны айтылды.

Сонымен қатар, бұл жиында Ботакоз Иватқызы туралы бейнебаян көрсетіліп, еске алуға арналған ғалымның оқу және ғылыми еңбектері көрмесі ұйымдастырылды.

Сарсенбаева Ботакоз Иватқызы елімізге белгілі педагог-ғалым, үздік педагог, талантты ұйымдастырушы, қамқор ұстаз. Ол отандық ғылым мен білім жүйесінде педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосты.