ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы

«6В012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2021 жылдың 22-23 сәуірінде қашықтық форматында ұйымдастырылған болатын.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің педагогика факультетінің «Эрудит» командасы МДОТ-21 мамандығының 2 курс студенті Аманкелдиевна Алтынай, МДОТ-31 мамандығының  3 курс студенттері Жантурина Самал, Кащиева Нұрсұлу, Шағидолла Шырын қатысқан болатын.

Команда жетекшісі педагогика ғылымдарының магистірі, аға оқытушы Ерболат Балмира Ерболатқызы.

Олимпиада төмендегідей болды:

  1. «Жаңа формациядағы педагог-тәрбиеші". Команда өзін таныстыруы.
  2. «Білім ринг – білім додасы». Тест тапсырмалары.
  3. «Замануи педагог – тәрбиеші – теориядан практикаға".Шығармашылық жоба сайысы
  4. «Педагог – тәрбиешінің шеберлік әлемі".Жаңартылған білім мазмұны бойынша Ұйымдастырылған оқу қызметі

Әр студент өзіне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шықты .

Таныстыру бойынша Аманкелдиевна Алтынай мен Жантурина Самал

Жоба бойынша Шағидолла Шырын

Ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша Кащиева Нұрсұлу

Бұл республикалық олимпиадаға әр облыстан 13 университет бақ сынаған болатын. Соның ішінде алға суырылып шығып, ХIII Республикалық пәндік олимпиадасында жоғары деңгейде шығармашылық қабілет танытқаны үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті 3 дәрежелі дипломен және «Олимпиада үздік жаңалығы» номинациясы бойынша алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл әлі соңы емес. Жетер жетістік алда. Барша қатысқан студенттерге , жетекшілерге мың алғыс. Марапаттауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.