Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби-танымдық кеш

16 қараша 2021ж күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика факультетінің мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары А.Д.Муканова, Ж.Ж.Нәбиева, С.Н.Есенова, Ф.Е.Есқақованың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Ыбырай атамыздың шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Шараға педагогика, өнер және мәдениет, филология факультетінің   1-3  курс студенттері қатыстырылды.

Ы. Алтынсариннің өмір шығармашылығы мен педагогикалық көзқарасы жөнінде ДОВ-31 тобының студенті А.Төлепова слайдпен баяндама оқыды. Ы.Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.Сол бағытта ақын шығармаларын  мәнерлеп оқыса, КЯЛ-31 тобының студенттері «Бір уыс мақта» этикалық әңгімесіне көрініс құрды. МОБ – 11 тобының студенттері А.Закина «Самға», А.Оразбек «Отан» әндерін шырқады. ИЯ-33 тобының студенті Н.Жеткербаев Дәулеткерейдің  «Көреғұлы», «Ақсақ құлан», МОБ -31 тобының студенттері  С.Қоныс, А.Рашидова «Балбырауын» күйлерін орындап, көрермендерді ықыласқа бөледі. Ы.Алтынсарин қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал- мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды.Осы орайда көрермендерге «Кім жүйрік» ойыны жүргізілді. Ойын шартында Ы.Алтынсариннің жинақтаған жұмбақтары жасырылды. Студенттер қазақ сахарасының қоңырауы атанған Ыбырай бабамыздың қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі терең ойларының тәрбиелік мәнін жеткізе білді.Танымдық іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, Ыбырай Алтынсариннің қазіргі ұрпаққа қалдырған еңбектеріндегі құнды ой-пікірлерін ұғынуымен өз мақсатына жетті.

Мектепке дейінгі және бастауышта

білім беру кафедрасының оқытушылары, магистр

А.Д.Муканова, Ж.Ж.Нәбиева