“Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі”

13.12.2022 күні Педагогика факультетінің “ Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру” кафедрасының оқытушысы Е.Г Тлепбергенованың және БОПӘ/ж-23 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен “ Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі” атты тақырыпта БОПӘ-21, БОПӘ-25 топ студенттеріне арналған тәрбие сағаты өткізілген болатын.

Мақсаты: Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы   болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау. Студенттерді ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге деген, патриоттық сезімдерін ояту.

Тәрбие сағаты жүргізушілердің сөзімен басталып, әрі қарай тәуелсіздікке қатысты бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен кейін “ Ой ашар ” сұрақ - жауап әдісі қолданылды.

Презентация көмегімен Тәуелсіздік алу мақсатында жүргізілген азаттық күрестеріне тарихи шолу жасалды. Желтоқсан оқиғасы жөнінде мәлімет айтылды. Студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар туралы мәлімет айтып, өлеңдерін оқыды. ( Қайрат Рұсқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаева, Сабира Мұхамеджанова). Студенттерге арнап тапсырма берілді. Тәуелсіздік жылнамасын құру. Студенттер белсенді түрде ат салысты.

Тәрбие сағатының соңын  Елбасымыз Қасым Жомарт Тоқаевтың сөзімен қорытындыладық.