«Polуglot» зияткерлік сайысы өткізілді

      М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультетінде «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында 21.02 күні мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы, магистр Ж.Т.Тапаеваның ұйымдастыруымен «Polуglot» зияткерлік сайысы өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сыныпта шет тілін оқыту барысында қолданылатын қызықты, жаңа әдістерді үйрену, студенттерге ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын түсіндіру, тілге деген қызығушылығын арттыру. Студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамыту. Сайысқа ПиМНО-31 тобының студенттерінен құралған 3 топ қатысты. Олар: «Altyn group» «WhiteStar», «Zhalyn group».  Сайыс төрт кезеңнен тұрды. 1  кезең – «acquaintance».. Бұл кезеңде студенттер өз топтарын креативті түрде ағылшын тілінде таныстырды, бірі өлең оқыса, келесі біреуі «TIK-TOK» биледі. 2 кезең – «interestingmethods»: қатысушылар бастауыш сыныпта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның ішінде «Butterfly» әдісі, «Cheese» әдісі, «Lays chips» әдісі, «What is inside?» әдісі көрсетілді. Әдістерге көрермендер белсенді қатысып, ағылшын тілінде ойларын білдірді. 3 кезең – «advertising»: студенттер көрермендерге әртүрлі заттарды түрлі бағытта жарнамалады.  4кезең – «Who is faster?»: Қатысушылар жұмбақтардың жауабын тауып, 3 тілде айтты. Мақал-мәтелдерге жетпеген сөзді айтып, толықтырды және 3 тілге аударды. Әр кезең соңында Пимно-35 тобының студенттері “like” бағалау әдісі арқылы өз ойларын білдіріп отырды. Қорыта келгенде «Zhalyn group» тобы 17 ұпаймен III-орын алды, «Altyn group» тобы 20 ұпаймен II-орын алды және 27 ұпаймен жүлделі I-орынды «WhiteStar» тобы иеленді.