2023 жылдың 23 ақпаны күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Педагогика факультетінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: инновациялық зияткерлік ортаны құру негізінде жаңа білімді қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ұйым мамандарын даярлауды жетілдіру.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары студенттер қатысты.
Семинар барысында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша өзекті сұрақтар талданып, қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің» жүзеге асырылу барысы туралы нәтижелі жұмыстарымен бөлісіп және алдағы уақытқа нақты жоспарлар құрылды.