«Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту»

     2023 жылдың 20-24 ақпан аралығында педагогика факультетінде «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталығын  өткізу барысында 22 ақпан күні «Қазіргі бастауыш білім берудің инновациялық бағыттары: смарт технологиялар мен белсенді әдістер, ресурстар» тақырыбындағы шеберлік сыныбы оздырылды. Шеберлік сыныптың ұйымдастырушылары педагогика ғылымдарының кандидаттары І.Ө. Хасанова мен А.Х.Казетова болашақ бастауыш сынып мамандарын дайындауда бастауыш білім берудің инновациялық бағытындағы когнитивті оқыту мен белсенді әдістерді қолдану жолдары тақырыбы аясында ғылыми баяндамалар жасады.  Қаламыздың эстетикалық бағыттағы гимназияның жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрлері А.Ж.Рахметова мен Ж.С.Балгабаева қазіргі бастауыш білім берудің инновациялық бағыттарына практикалық тұрғыдан смарт технологиялар мен белсенді әдістерді, ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдарын жан-жақты талдап көрсетті. Шеберлік сыныбында бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ бойынша студенттердің теория мен практиканы ұштастырып, қызықты, тағылымды ақпараттар, әдістемелік сабақтар үйрене алды.