«Мамандықтар әлемі» атты пікірсайыс өтті

Ақпан айының 22-ші жұлдызында Педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушы магистрі  С.Н. Есенованың ұйымдастыруымен  №1, 10, 30, 47 мектеп оқушыларының 10-11 сынып арасында  «Мамандықтар әлемі» атты пікірсайыс өтті.   

Мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өз қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне және кәсіби білімділігін қалыптастыру. Сондай-ақ оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру.

Шара  басында  оқушылар университетімізде оқытылатын  мамандықтармен таныса отырып,  бейнероликті тамашалады. Сонымен қатар   әр мамандықтың қыр-сыры мен ерекшеліктері түсіндірілді.Оқушылар «БП:ата-ана баласына мамандық таңдап беруі керек деп есептейді» және «БП: ең қажетті мамандықты көрсетеді» деген қос тақырыпта пікір алмасты. Ойын барысында оқушылар тәжірибие алмаса отырып тақырыпты өте жақсы деңгейде ашып көрсетті. Ойынға университет жанынан құрылған  «Ақиқат ЖҚБ пікірталас орталығы» пікірсайысшылары төрешілік етті. Ойын соңында  барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар шараға Д.П. Аймурзиева, А.Н.Махашова, А.К. Рамазанова, Б.А. Сұлтан  сынды әр мектептің дебат қозғалысының жетекшілері де қатысты.Арнайы оқушылар үшін университетіміздің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетіп, кешті көркейте түсті. Сондай-ақ шараға әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің әдіскері Тулегенова Айнагуль Жасқайратқызы да қатысып, қатысушылар мен жетекшілерге өз жылы лебізін білдірді.

 Алдағы уақытта осындай мектепаралық жолдастық кездесулер өз жалғасын табады деген үміттеміз.