Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы Семинар-тренинг өткізді. Тренингке ПиМНО-31, ПиМНО-35, ПиМНО- у/23 топ студенттері қатысты. Тренер Гулмира Сайынкызы «Жас студенттер арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады. Тренинг барысында жас студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасының жаттығулары қолданылды. Студенттер тренингке белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, өз пікірлерін, ойларын ашық айтты. Соңында семинар-тренинг қатысушылары баяндамашы мен іс-шараны ұйымдастырушыларға одан әрі шығармашылық табыстар мен ғылыми-шығармашылық даму тілей отырып, өте оң пікірлерін білдірді