«Жаңа Қазақстандықты тәрбиелеуде білім берудің педагогикалық шарттары»

    Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушыларына семинар-тренинг өткізді. Тренер Гулмира Сайынкызы «Жаңа Қазақстандықты тәрбиелеуде білім берудің педагогикалық шарттары» тақырыбында баяндама жасады. Мақсаты: патриотизм, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік жауапкершілік, бастамашылдық, төзімділік, тәртіптілік, бәсекеге қабілеттілік қазіргі заманғы азаматтың маңызды қасиеттері болып табылады. Оқытушылар әртүрлі  тренингтерге, сауалнамаларға белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, өз пікірлерін, ойларын ашық айтты.