2023 жылдың 23-25 қараша аралығында «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Жалпы педагогика және психология» секциялары бойынша студенттер арасында ғылыми зерттеу жұмыстары өтті.
Мақсаты: студенттердің жеке шығармашылық қабілеттіліктерін көрсету, өз тақырыбы барынша зерттеу және тілдік қабілетін, сөздік қорын қолдана отырып барынша ашу болды. Студенттер презентацияларын, жобаларын көрсетіп қорғады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ең жақсы ғылыми жұмыстар іріктеліп, жүлделі орынға ие болды.