«Балалар жылына» орай М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері №1 ЖОББ мектебінің 1-4 сынып оқушыларынан "Отан" туралы сұхбаттасқан болатын

«Отан елдің анасы» атты» мәнерлеп оқу сайысы

      «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған жазғы лагері және «Оқуға құштар мектеп» аясында М.Өтемісов атындағы БҚУ, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы Г.Б.Мусагалиева, 1 курс магистранттары және 2 курс студенттері 7 маусым күні №1 ЖОББ мектебінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Отан елдің анасы» атты» мәнерлеп оқу сайысын оздырды. Шараның мақсаты балаларға патриоттық тәрбие беру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру, балалардың мәнерлеп оқу қабілеттерін анықтай отырып, жеңіске жеткен баланы қала көлемінде өткізілетін мәнерлеп оқу сайысына қатыстыру болып табылады. Байқауға қатысушыларға мектеп директорының міндетін атқарушы А.Х.Амангалиева, лагерь басшысы Ш.К.Аманжолова, музыка жетекшісі С.А.Мухамбеткалиева әділ бағаларын берді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Шара көздеген мақсатына жетті, балалардың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігі оянып, Отанды құрметтеу керектігін сезінді.


Печать