«StudFest» жобасының 8 кезеңі эстафеталық жарыс өтті

2021 жылдың 27  ақпанында М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған «StudFest» жобасының 8 кезеңі эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: Студенттердің салауатты өмір салтын насихаттай отырып, эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, дене дайындығын, денсаулығын арттыру. Жарыс барысында түрлі кезеңдер өтті. Теннис ракеткасы, ысқырық, секундомер, доп, скакалька және т.б. заттар арқылы бақ сынасты. 6  команда қатысты, әр топта 8 адамнан болды. Өз шапшаңдықтарымен көзге түсіп бірінші орынға «Qyrandar» тобы жайғасты. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.

Мәдени , рухани құндылықтарымыздыда насихаттайтын және  спорттық мәдени-әдептілік деңгейі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жастар қолында.

 

                                         Серікбаева Гүлсезім

                                                 ПиМНО-11