«StudКвест» жобасы өтті.

 Ағымдағы жылдың 28 ақпанында М.Өтемісов БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған «StudКвест»  жобасы өтті. Мақсаты: бірлескен командалар құру арқылы ұйымшылдыққа, өзара бірлікке, көшбасшылық қасиеттерді, қолдау мен ынтымақтастықты дамыту. 6 команда қатысты. Сайыс барысында: карта берілді, студенттер картада берілген жерге барып, тапсырма орындады. Ең қызықты да, тартысты ойындар көп болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сұрақтар қойылып , қазіргі заман ағымындағы Tik-Tok  бағдарламасы бойынша түрлі видеолар түсірілді.

Студенттер зияткерлік ойлау қабілеттерін арттырып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, патриоттық сезімдерін күшейтті.Жастар арасында теріс іс әрекеттерге қарсы ойларының қалыптасуы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға дағдыланды.

 

                                           Серікбаева Гүлсезім

                                                        ПиМНО-11