8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті

Наурыз айының  5 жұлдызында М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті ұйымдастырған көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Студенттерің оқытушыларға  деген ізгі ниеттерін көрсету. Ең алғаш болып Педагогика факультетінің деканы Гульжан Алғазықызы сөз сөйлеп концертімізді ашып берді. Шара барысында қыз-жігіттер керемет би билеп, ән салып ұстаздарымыздың көңіл күйлерін көтерді. Кешті ПиМНО-11 тобының студенті Сарман Ақмерей «Аяулы Ана» әнімен аяқтады. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Аналар-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі!

 

                                Серікбаева Гүлсезім

                                    ПиМНО-11