14 наурыз күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында «Ұлттық қазына» атты жоғары оқу орындар арасында қайырымдылық спартакиядасы өтті.
Мақсаты: Студент жастардың арасында ұлттық спорт ойындары туралы түсінікті насихаттап, ұлттық тәрбие дағдыларын қалыптастыру. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Шара барысында түрлі спорт түрлерінен жарыстар өтті. Мысалы: ләңгі, арқан тартыс, қол күрес. «Ләңгі» ойынына қатысып М.Өтемісов БҚУ,педагогика факультеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Исмаилов Тойлыбай III орынға, «Қол күресі» ойынына қатысып М.Өтемісов БҚУ,педагогика факультеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті Кинаков Арман I орынға ие болды. Ал,«Арқан тартыс» ойынында барлық оқу орындарынан озып шығып,ең керемет нәтижеде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жүлделі I орынды иемденді.
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгінін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.