13-14 наурыз күндері 2001-2003 жылы туылған жастар арасында Қазақ күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді. Мақсаты: Ұлттық күрес әдістеріне студенттерді баулу. Ұлттық ойындарға студенттердің сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту, үйрету.Бұл жарыста 40-тан астам палуан күш сынасты. М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультетінен екі студент жүлделі орындармен оралды. ФКС-13 тобының студенттері күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандармыз Утепов Мұқағали 55 кг салмақта күш сынасып жүлделі I орынға, ал , Қуантаев Мерлан 60 кг салмақта II орынға ие болды.
Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі. Қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, ұлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар палуан жастарымыз көп болсын!
Серікбаева Гүлсезім
ПиМНО-11