«Ұлттық қазына» атты ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

Ағымдағы жылдың 12-14 наурыз күндері аралығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Jas Otan» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облысы филиалының  ұйымдастыруымен «Ұлттық қазына» атты ұлттық ойындар спартакиадасы өтті. Бұл сайыстың бірден-бір мақсаты ауыр дертке шалдыққан кішкентай Эмир бауырымыздың еміне қайырымдылық көмек ретінде ұйымдастырылды. Университетіміздің атынан шығып, намысын қорғап, жүлделі орын алған спортшыларымыз өте көп. Атап айтсақ,  Асық ату спорт түрінен  Қаһарман Ержігіт Фкс-15 тобының студенті, Арыстан Өмірбек Фкс-33 тобының студенті жүлделі 2 орын иеленсе, Ерниязова Ализа Фкс-35 тобының студенті, Болыспай Сандуғаш Фкс-33 тобының студенті Тоғызқұмалақ сайысынан командалық есепте 1 орын алды. Қазақша күрестен 70кг-дан жоғары салмақта Мұратов Асылбек Фкс-45 тобының студенті 2 орынды иемденді. Ләңгі ойыны бойынша Исмаилов Тойлыбай Фкс-15 тобының студенті 3 орынды қанжығалады. Арқан тартыс ойыны бойынша командалық есепте үлкен басымдылықпен 1 орынға ие болды. Команда құрамында Крашанин Денис Фкс-15, Әділгереев Арслан Фкс-11, Абдыгалиев Радмир Фкс-15, Тұрғанбай Дархан Фкс-11, Даулетова Сауле Дов – 11, Кульбеда Анастасия Пимно – 12 топтарының студенттері болды. Жалпы бұл спартакиада 3 күнге созылды. Нәтижесінде М. Өтемісов атындағы БҚУ командасы 1 орынды иемденді. Сайыс соңында командаларға 200 мың тенге сыйақы табыс етілді, және оны командалар Эмир бауырымыздың еміне қайырымдылық ретінде табыстады. Жоғары деңгейде өткен «Ұлттық қазына» атты спартакиада да өз бақтарын сынаған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Жүлделі орын алған университетіміздің спортшыларын құттықтай отырып, әрқашан жеңісті күндеріміз көп болсын дегім келеді.