Ағымдағы жылдың 19 наурызында М.Өтесмісов атындағы БҚУ, педагогика факультетінің ұйымдасытыруымен «Төрлет, Әз Наурыз» атты шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Студенттерді ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңаратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың күні-Әз Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады.Бұл-ақ түйенің қарны жарылған күні, ырысты, ынтымақты ұлы күн. Шара барысында әуезді әндер айтылып, қазақтың қара жорғасына биде биленді. Жәнеде студенттеріміз карантиндік ережені сақтай отырып, өзара ұлттық ойында ойнады. Шара соңында Қыдыр Ата келіп жастарымызға өз батасын берді.
Әз Наурыз елімізге тыныштық, ынтымақ әкелгей!Ұлыстың ұлы күні бір бірімізге деген сенім артып, еліміздің іргетасы нығая берсін. Жаңа жыл барлығымыз үшін табысты да, берекелі болғай!
Серікбаева Гүлсезім
ПиМНО-11 студенті