Сәуір айының 9 жұлдызында М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті сенбілік өткізді. Мақсаты: Студенттерге еңбек, адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сенбілік өткізу дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Студенттерді факультетке бөлінген көшелерге жіберіп, аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, келбеті келісті болуы үшін тер төкті. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/62-news-fakultet/316-s-uir-ajyny-9-zh-ldyzynda-m-temisov-atynda-y-b-u-pedagogika-fakulteti-senbilik-tkizdi#sigFreeId8af95201c7