Сәуір айының 20 күні кезекті студенттердің байқауы, жастардың өнерін шыңдайтын «Студенттік көктем – 2021» фестивалі жалғасын тапты. Шараның басты мақсаты студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, жан-жақты шыңдау және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын көлемді атап өту, насихаттау. Осы орайда педагогика факультетінің студенттері «Тәуелсіздік бесігінде тербеле бер туған ел!» атты мерекелік концертін көрермендерге ұсынған болатын. Концерттің шымылдығын Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымыздың аңсаған азаттығының көрінісімен ашып, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Қуантаев Мерлан Ергенович Ә.Шегебайдың «Қабірдегі хат» туындысымен көріністі әсерлей түсті. Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр атырапты мекендеп, Ертіс пен Есіл бойын жағалай қоныстанған қазақ халқы аттың жалында, түйенің қомында жүріп, ел тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойы жан аямай күресіп, ырысы артып, ынтымағы жарасқан, бірлігі кетіп, берекесі қашқан кезеңдерді бастан өткерген бабалардың арманы, аналардың тілегі болған Тәуелсіздікке арнап «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенттері Утепов Мұқағали Бекболатұлы менТуганова Аяна Кдыргалиевна «Туған жер» әнін орындады. Елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын осынау мереке барша жұртшылығымыз, қоғам үшін аса аяулы әлі қастерлі мерекеде ҚР мемлекеттік әнұраны ойналып, педагогика факультетінің студенттерінен құралған «Шашу» би ансамблі «Шаттық» биін ұсынды. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Оның бірі байрақты бәсекелерде Қазақтың туын тұғырдан желбіретіп жүрген, дзюдо куресінен спорт шебері, самбо күресінен халықаралық дарежедегі спорт шебері, әлем кубогінің жүлдегері, университетіміздің түлегі, Нұрбол Серіковтен алынған сұқбаты көрерменнің назарына ұсынылып, «BestStar» тобы оркестрдің көмегімен қазақ әндеріне папури, «РF DANCE» тобы заманауи би орындады. Студент жастардың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы, заман талабы. Осы мақсатта, өр рухты ақын Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті де өз студенттеріне терең білім алып, шығармашылығын шыңдап, қоғамдық белсенділігін танытып, еліміздің саналы азаматы болып қалыптасуына мол мүмкіндіктер ашып отыр. БҚУ – жарқын болашақ кепілі. Ендеше, болашаққа айқын қадаммен педагогика факультетінің студенттері өз таңдауын, қалай жасағандығын видеороликке түсіріп, көрерменннің назарларрына ұсынды. Шара соңында мәдениет және өтер факультетінің 1-курс студенттері Мурзагалиев Ерсултан, Сақиев Исламбек, Садық Тұңғиық «Ұлы дала» әнін орындап, педагогика факультетінің деканы Гүлжан Алғазықызы Ергалиева студент-жастарға алғысын айтып, болашақ жастарға сенім артанындығын сөзіне тірек етіп, сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шаранының тізгіні Кахарман Бекзат, Габдушева Гүлнұр, Серікова Аружанда болды.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/62-news-fakultet/318-t-uelsizdik-besiginde-terbele-ber-tu-an-el#sigFreeId758faef191