2022 жылдың 7 сәуір күні «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауы аясында мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары В.Т.Арыстангалиева мен Т.Т.Мақсотова «Оқу-тәрбие үрдісінде Quizizz сандық құралын пайдаланудың тиімділігі» атты инновациялық жобасын ұсына отырып, дәріс, семинар сабақтарында Quizizz сандық құралын пайдаланудың тиімділігін дәлелді аша білді.
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Н.Е.Муканова «ЖОО білім беру үдерісінде Apper мобильді қосымшасын қолдану мүмкіндіктері» атты инновациялық жобасы барысында оқыту үдерісіндегі Apper мобильді қосымшасының артықшылықтары мен қолданудағы тиімділігін атап өтіп, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында, үйірме жұмыстарында пайдаланудың ұтымды жолдарын дәлелдей білді.
Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистрі М.А.Сундетов «Мектепке дейінгі ұйымда дене шынықтыруды ұйымдастыру» атты инновациялық жобасы барысында бөбекжайларда дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана алды.
Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Бессмертнов Павел Александрович «Жүгіру арқылы денсаулықты нығайту жолдары» атты инновациялық жобасы барысында жүгіру арқылы денсаулықты нығайтудың тиімді жолдарын таныстырып, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
«Оқу-тәрбие үрдісінде Quizizz сандық құралын пайдаланудың тиімділігі» атты инновациялық жобасы
news - Факультет