Педагогика факультетінің студенттері үшін топ кураторлары «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» тақырыбында еркін дәріс өткізді. Сұхбат-әңгіме форматында өткен шарада, оқытушылар тарапына елдің келешегі, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, қазақ тілінің тағдыры сияқты тақырыптар бойынша сұрақ қойды. Ал педагогика факультетінің декан орынбасары Жанерке Тауылбаевна елдегі жаңа саяси бағыт туралы әңгіме өрбітіп, жастарды осы өзгерістердің бәріне сергек қарап, тың бастамалар ұсынуға шақырды. Шын мәнінде бүгін біз күрделі, ауыртпалығы үлкен сын кезеңге тап келіп отырмыз. Бұл тек Қазақстанның басына басына ғана түсіп отырған сын сәт емес. Бүкіл әлемде өте күрделі геосаяси, геоэономикалық өзгерістер жүріп жатыр. Бұл уақыт, бұл кезең мемлекетіміздің дамуындағы жаңа бір саты ғой деп ойлаймын. Өткен 30 жылда егемендіктің берік іргетасы қаланды. Бірақ өмір бір орнында тұрмайды. Алға жылжып, жаңа міндеттер мен мақсат-мұраттар жолында өсіп-өнуіміз керек. Қазіргі уақыт алдымызға қойып отырған ең үлкен талап – сапаның, білім мен біліктіліктің, бәсекенің талабы. Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі үлкен мақсат алдымызда тұр. Еліміздің алдында тұрған ең басты мақсат – егемендігімізді, елдігімізді, мемлекеттігімізді одан әрі тұғырлы етіп, жаңа бағыттың, жаңа заманның талабына сай, жаңа типтегі, жаңа үрдістегі мемлекет құру.
Педагогика факультеті
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/62-news-fakultet/510-zha-a-aza-standy-birge-rajy-ta-yrybynda-erkin-d-ris-tkizdi#sigFreeIdd95473cfb5